Лицензиялық кілтті автоматты түрде тарату

Kaspersky Security Center бағдарламасы Басқару серверіндегі кілттер қоймасында орналастырылған лицензиялық кілттерді басқарылатын құрылғыларға автоматты түрде таратуға мүмкіндік береді.

Лицензиялық кілтті басқарылатын құрылғыларға автоматты түрде тарату үшін

  1. Консоль ағашында «Лаборатория Касперского» лицензиялары қалтасын таңдаңыз.
  2. Қалтаның жұмыс аймағында құрылғыларға автоматты түрде таратқыңыз келетін лицензиялық кілтті таңдаңыз.
  3. Таңдалған лицензиялық кілттің сипаттары терезесін келесі тәсілдердің бірімен ашыңыз:
    • лицензиялық кілттің мәнмәтіндік мәзірінде Сипаттар тармағын таңдаңыз;
    • лицензиялық кілті таңдалған жұмыс блогындағы Лицензиялық кілттің сипаттарын көру сілтемесі бойынша.
  4. Ашылған лицензиялық кілттің сипаттары терезесінде Лицензиялық кілтті басқарылатын құрылғыларға автоматты түрде тарату жалаушасын қойыңыз. Лицензиялық кілт сипаттары терезесін жабыңыз.

Лицензиялық кілт сай келетін құрылғыларға автоматты түрде таратылатын болады.

Лицензиялық кілтті тарату Желілік агенттің құралдарымен орындалады. Бұл арада, бағдарлама үшін резервттегі лицензиялық кілтті тарату тапсырмалары жасалмайды.

Лицензиялық кілтті автоматты түрде тарату кезінде құрылғылар санына қойылатын лицензиялық шектеу ескеріледі. Лицензиялық шектеу лицензиялық кілттің сипаттарында белгіленген. Егер лицензиялық шектеуге қол жеткізілсе, лицензиялық кілтті құрылғыларға тарату автоматты түрде тоқтатылады.

Лицензиялық кілт сипаттары терезесінде Лицензиялық кілтті басқарылатын құрылғыларға автоматты түрде тарату жалаушасын қойылған болса, лицензиялық кілт сіздің желіңізде дереу таратылатын болады. Осы параметрді таңдамасаңыз, лицензиялық кілтті кейінірек қолмен тарата аласыз.

Сондай-ақ, қараңыз:

Басқарылатын бағдарламаларды лицензиялау

Қолданылатын лицензиялық кілттер туралы ақпаратты қарап шығу

Лицензиялық кілтті Басқару серверінің қоймасына қосу

Басқару серверінің лицензиялық кілтін қосу

Басқару серверінің лицензиялық кілтін жою

Лицензиялық кілтті клиент құрылғыларына тарату

Лицензиялық кілттерді қолдану туралы есепті жасау және қарап шығу

Бағдарламаның лицензиялық кілттері туралы ақпаратты қарап шығу

Негізгі орнату сценарийі

Сценарий: желі қорғанысын конфигурациялау

Kaspersky Security Center 14.2 лицензиялары мен мүмкіндіктері

Басына оралу